ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ
2020 жылғы 25 тамызда өңір баспаларынан оқулықтарды жөнелту процесі аяқталды.
Бүгінгі таңда өңірлердің білім басқармалары мен бөлімдері 1-11 сыныптардың әрбір оқушысын 100% қамтамасыз ету үшін оқулықтар жиынтығының жеткілікті санын сатып алды.
20 шілдеден бастап облыстық білім басқармасымен бекітілген кесте бойынша оқулықтарды беру процесі жүзеге асырылды.
Беру толық көлемде жүзеге асырылды.
Оқулықтармен 100% қамтамасыз етуді үйлестіру үшін процестің барлық қатысушылары үшін жұмыс регламенті әзірленді, ол оқулықтар мен ОӘК тиеу, жеткізу және беру процесін реттеуге мүмкіндік берді.
НАЗАР аударыңыз!
- Оқулықтардың және ОӘК электрондық нұсқалары ҚР БҒМ сайтында pdf форматында орналастырылған және жүктеуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/
- Оқулықтардың тапшылығы немесе жетіспеушілігі анықталған жағдайда, сіз аудандық білім бөлімінің немесе сіздің облыстық білім басқармасының, Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің нөмірлеріне жүгіне аласыз.